Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жануарлар әлемі фотосуретші А.Тимошенконың көзімен» дербес фотокөрме

13.04.2023
«Жануарлар әлемі фотосуретші А.Тимошенконың көзімен»  дербес фотокөрме

2023 жылдың 13 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Жануарлар әлемі фотосуретші А.Тимошенконың көзімен» атты дербес көрменің салтанатты ашылуы өтті.

 Алексей Юрьевич Тимошенко 1986 жылы Докучаевка ауылында (қазіргі Қарамеңді) дүниеге келді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргеннен кейін А.Ю. Тимошенко туған жеріне оралып, қорықта орнитолог маман болып жұмыс істеді. Солтүстік Еуразия орнитофаунасын зерттеу жөніндегі бірнеше халықаралық жұмыс тобының мүшесі, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының жануарлар әлемін бақылау бойынша жетекші маманы және Қостанай филиалының төрағасы, Мензбиров орнитологиялық қоғамының мүшесі. Алексей Тимошенко - Жангелдин ауданының аумағындағы Қазақстандағы тұңғыш «Алтысай» экологиялық саябағының директоры.

Көрменің ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақов, Журналистер одағының мүшесі, фотосуретші Г.Шаповалов, Наурызым қорығының ғылыми қызметкері М.А. Зейнелова, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Брагина сөз сөйледі.

Көрмеде жүз авторлық туынды ұсынылды. Келушілер жануарлардың фотосуреттерін, олардың өмірінің қайталанбас сәттерін көре алды.

Көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде 13 сәуірден 13 мамырға дейін жұмыс істейді.