Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Археология білгірлері» интерактивті ойыны («Музеймен бірге өсеміз» мәдени-білім беру жобасы аясында)

07.04.2023
«Археология білгірлері» интерактивті ойыны  («Музеймен бірге өсеміз» мәдени-білім беру жобасы аясында)

2023 жылдың 7 сәуірінде музей қызметкерлері «Музеймен бірге өсеміз» мәдени-білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған «Археология білгірлері» интерактивті ойынын өткізді. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары топтарға бөлініп, археологиялық білімдерін сарапқа салды, сөзжұмбақтар шешіп, шағын форматтағы қазба жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар балалар петроглифтердің суретін салып, олардың мағынасын ашып, адамның бас сүйегі бойынша сыртқы келбетін анықтауға тырысты, осылайша археология сынды күрделі ғылымда білімдерін кеңейтті.