2023 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінің бейнелеу өнері экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің залында суретші-қолөнерші, «Бабалар ізімен» көрмесінің авторы Арлан Аңқауовпен онлайн және офлайн форматында кездесу өтті.
Арлан Аңқауов – Қостанайлық жас суретші - қолөнершілердің бірі, ол өз жұмыстарын қой жүнінен авторлық аппликация техникасында орындайды. Суретшінің шығармашылығы жоғары кәсібилік және үлкен еңбекқорлықпен ерекшеленеді. Арлан ағаларымен бірге «Arlan Design» авторлық интерьер дизайнерінің студиясын ашты. Кейін бұл студия Арланның өз шеберлігін жас ұрпаққа үйрететін қолөнер галереясы мен студиясына айналды. Биыл студияға 10 жыл толды.
Арлан Аңқауовпен кездесуге «Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясының» 7-9 сынып аралығындағы оқушылары келді және «Arlan Design» студиясының шәкірттері қатысты.
Суретшінің көрермендермен кездесуі достық қалыпта әңгімелесу түрінде өтті.