Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші-қолөнер шебері Арлан Аңқауовтың және оның «Arlan Design» студиясы оқушыларының «Дала желі» атты дербес көрмесінің ашылуы

31.03.2016
Суретші-қолөнер шебері Арлан Аңқауовтың және оның «Arlan Design» студиясы оқушыларының «Дала желі» атты дербес көрмесінің ашылуы

2016 жылдың 25 наурызында картина галереясында қостанайлық суретші-қолөнер шебері, Қостанай меценаттар клубынының «Шабыт» сыйлығының иегері Арлан Аңқауов пен оның «Arlan Design» студиясы оқушыларының «Дала желі» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті.

Арлан Аңқауов дарынды суретші-қолөнерші және дизайнер ретінде өзін танытып, ұсатылған табиғи қой жүнінен жасалынатын аппликацияны жаңа технологияда петенттеген сәндік картиналардың авторы. Арлан өз туындыларында ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің ең жақсы дәстүрлерін сақтап, дамытуға тырысады. Жас суретші этникалық стильде түрлі-түсті киізден 3D әсеріндегі заманауи көлемді картиналарды жасайды. Суретші-қолөнерші А.Аңқауовтың бауырларымен бірге құрған «Arlan Design» авторлық дизайн студиясы интерьерде және кәдесый бұйымдарында этникалық стильді кең пайдаланады. Ол өз шеберлігін балаларға үйретуге көп көңіл бөледі.

А.Қ. Аңқауов қалалық, облыстық және республикалық көрмелер мен байқаулардың белсенді қатысушысы. Оның туындылары «Жас толқын» Қостанай облыстық байқауында, «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде (Астана қ.), жастардың еркін шығармашылығы фестивалінде (Қостанай қ.), «Ел іші - өнер кеніші» атты Республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауында (Астана қ.), Ә. Қастеев атындағы Өнер мемлекеттік мұражайындағы сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде қойылды (Алматы қ.). Арлан Аңқауов үш рет қолөнершілердің «Шебер» республикалық байқауына қатысты, екі дербес көрмесі Астана қаласындағы «Құланшы» қазіргі заман өнерінің галереясында және Бейбітшілік пен Келісім сарайында өтті. 2015 жылы суретші-қолөнерші А. Аңқауовтың шығармашылық өмірінде айрықша оқиға орын алды, ол Заид шейхы қорының Халықаралық мәдениет фестиваліне қатысты (Абу-Даби, БАӘ).

Дала желі кең байтақ қазақ жері үшін еркіндік пен күш-қуаттың бейнесін білдіреді. Ұлан-ғайыр далада қазақтың өзіндік дүниетанымы, бай материалдық және рухани мәдениеті қалыптасқан. Бұл ерекшеліктер қазақ халқының фольклорында, ою-өрнектерінде және тотемдік жануарларында көрініс тапты. Арлан Аңқауовтың көне аңыздар, ертегілер тақырыбындағы картиналарынан дала жусанының иісі, халық әуені мен күмбірлеген домбыраның үні естілгендей болады.

Арлан Аңқауовтың және оның «Arlan Design» студиясы оқушыларының «Дала желі» атты көрмесі бір айы бойы жұмыс істейді.