Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Баян Баталованың «Туған жер – алтын бесік» атты дербес көрмесінің ашылуының жаңалығы

31.03.2016
Баян Баталованың «Туған жер – алтын бесік» атты дербес көрмесінің ашылуының жаңалығы

Қостанай қаласының бейнелеу өнерінде маңызды мереке аталып өтті! 2016 жылдың 30 наурызында картина галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталованың 55 жас мерейтойына арналған «Туған жер – алтын бесік» атты дербес көрмесі ашылды. Көрменің салтанатты ашылуында кескіндеме, мүсін, графика және батикте орындалған 75 шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Монументалды және станокты мүсін өнері саласындағы дарынды суретші-мүсінші Баян Баталованың есімі қостанайлықтарға жақсы таныс. Баян Баталова 1995 жылдан бері ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Облыс әкімінің және Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, ол КСРО Көркемсурет академиясының И.Е.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында жетекші мүсіншілерден дәріс алып, тамаша кәсіби дайындықтан өтті.

Баян Жолдыбайқызы Баталованың қаламыз бен облысымыздағы бірқатар монументалды жұмыстарына қала тұрғындары сүйсіне қарайды. Олар: ХVIII ғасырдағы тарихи тұлға, орта жүздің биі Қаз дауысты Қазыбектің, Қарабалықта М.Сералиннің ескерткіші, Қостанай мемлекеттік университетіндегі А.Байтұрсыновтың кеуде мүсіні және т.б. Бүкілодақтық, халықаралық, облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы Б.Баталованың шығармашылық жұмыстары асқан шеберлігі, алуан түрлілігі және ғажайып үндестігімен көздің жауын алады және материалды сезінетін үнемі ізденістегі шебер ретінде танытады.

Баян Баталованың туындылары Қазақстан Суретшілер одағының 80 жылдығына арналған «Қазақ өнері» бес томдық кітабына және «Мүсін. Монументалды-сәндік өнер» кітабына енген.

Автордың «Туған жер – алтын бесік» атты көрмесіндегі туындыларының тақырыптары – бұл жан толғанысы мен сезімдердің, шаттық пен мұңның қатар жүруі, таусылмас ізденістер мен саяхаттың нәтижесі, бұл - ең алғаш ана әлдиін естіген, алғашқы қадамдары мен қуанышы, көз жасы, ең алғашқы жеңілісі мен жеңісі болған жер.

Баян Баталова 27 жыл бойы шығармашылық жұмысты Қазақстанның ЖОО-да Семей, Арқалық, Қарағандыдағы педагогикалық қызметпен қатар алып келе жатыр. Қазіргі таңда көрме авторы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге мүсін мен академиялық сурет сабақтарынан дәріс беріп, шеберлік құпияларымен бөлісіп, туған жерге деген махаббатын жеткізіп, ойды жүзеге асыратын шеберлікті үйретуде.

Баян Баталованың «Туған жер – алтын бесік» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.