2016 жылы 16 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, суретші, қолөнерші Светлана Ивановна Шалунова мен оның А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде оқитын оқушыларының «Киіздегі өмір өрнектері» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды.
Көрмеге суретшінің өз қолымен киізден жасаған 19 панносы мен шәкірттерінің 14 туындысы ұсынылған. Оның киізден жасалған көлемді, жұмсақ суреттері шын көңілден туындаған.
Ұстаздық - суретшінің екінші мамандығы. Светлана Ивановна мен оның өзі баулыған шәкірттері фелтинг немесе құрғақ басу техникасымен жұмыс жасау кезінде жүнді арнайы инемен бірнеше рет теседі. Осындай күрделі жұмыстар нәтижесінде жүн тығыздалып, әсем сурет пайда болады.
Балаларға тамаша туындылары үшін алғыс хаттар берілді.
Светлана Шалунова мен оның оқушыларын қостанайлық белгілі суретшілер Николай Васильевич Торшин, Изюмова Татьяна, көркемсурет мектебінің директоры Кузьменкова Татьяна Владимировна көрменің ашылуымен құттықтады. С. Шалуноваға көркемсурет мектебінің оқушылары өз алғыстарын білдірді.
«Эстель» хореографиялық студиясы бүлдіршіндерінің биі көрменің салтанатты ашылуына тамаша тарту болса, Кунщикова Машаның орындауындағы «Мен әлемді бейнелеймін» атты өлеңі көрермендерді баурап алды.
Көрменің қонақтары мәдениет қызметкерлері, қостанайлық суретшілер, зиялы қауым өкілдері, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері, көрме қатысушыларының жақындары мен достары болды.
Көрме барлық келушілерге арналған және 2016 жылдың 16 сәуіріне дейін жұмыс істейді.