Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мұражайлық мейрам

17.03.2016
«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мұражайлық мейрам

Наурыз - қазақтар мен Азияның көптеген халықтарында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы мен жаңа өмір бастауы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Наурыз мейрамы әрқашанда көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптармен, балуандар сайысымен, суырып салма ақындар айтысымен, ұлттық ойындармен өтеді. Жастар алтыбақанның жанына жиналып, көңіл көтереді.

2016 жылы 17 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты фольклорлық-этнографиялық мейрам өткізілді. Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2031 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері наурызды мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін еске түсіріп, ұлттық тағам «Наурыз көжеден» дәм татты, қызықты сайыстар мен қазақтың ұлттық ойындарына қатысты. «Индиго» хореографиялық ұжымы мен «Flash-star» вокалдық студиясының музыкалық нөмірлері мерекенің сәнін кіргізді.

Галерея изображений