«Мен Тәуелсіз Қазақстанның суретін саламын» атты жастардың көркемдік жобасы

09.03.2016
«Мен Тәуелсіз Қазақстанның суретін саламын» атты жастардың көркемдік жобасы

2016 жылдың 5 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының КММ картина галереясы Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп алғаш рет жас суретшілердің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз Қазақстанның суретін саламын» көркемдік жобасын өткізді.

Жобаға А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары және қостанайлық жас суретшілер, «Жас толқын» облыстық байқауының лауреаттары М.Ордашева, Е.Садовникова қатысты.

Жас суретшілер көрермен назарына көлемді қағаз бетіне туған Қазақстанның бейнесін салды. Осы туындыны балалар картина галереясына сыйлады. Бұл қызықты шығармашылық жұмысты кәсіпқой суретшілер жоғары бағалады.

Жобаға қатысқан жас суретшілерінің суреттері мен ҚР жайындағы викторина сұрақтарына берген жауаптары дипломдар мен естелік сыйлықтарымен марапатталды. Шығармашылықтың жаңа формаларын іздеуге көмектескен, патриотизмді, азаматтық сана-сезімді қалыптастырғаны үшін А.И.Никифоров атындағы мектептің әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс хаттар табысталды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін205   Кеше259   Бір аптаның ішінде1344   Айында464   Барлығы309622  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі