2015 жылы 10 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында грек фотосуретшісі Костас Асимистің бірегей көрмесі ашылды. Костас Асимиске 30 жыл бойы «Қасиетті Афон тауы» (Греция) өмірін түсіруге рұқсат етілген. Бұл православиенің басты киелі орындарының бірі: 20 ерлер монастыры, 12 скиттер (монахтар тұратын шағын монастырь) мен кельялардан (монах тұратын жеке бөлме) тұрады. Мың жылдан астам уақыт бойы тақуа республиканың аумағына қатаң жарғы бойынша бір әйел адамның аяғы баспаған, ал фото және бейнетүсірілімдер аз жасалған.
«Біздің Афон» мәдени-ағарту жобасы 2009 жылдан бері әлемге саяхат жасауда, Ресей мен Украинада көрмеге қойылған. Қазақстанға бұл көрме Қазақстан Халқы ассамблеясы мен рухани келісім жылы келіп отыр. 2015 жылдың басынан оның тұсаукесері Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Петропавлда өтті.
«Біздің Афон» көрмесіне Костас Асимистің тарихи және рухани құндылығы зор 168 фотосуреттері енген. Бұл автордың өз жұмысы және оның орыс Свято-Пантелеимонов монастырының фото мұрағатынан қайта қалыпқа келтірген туындылары.
Көрмеге келушілерге Қасиетті Таудың ғажайып әлемі, табиғаттың әсемдігі мен монастырдың қатаң сәулеті үйлесім тапқан, Афонды мекен етушілердің тұрмысы, тауап етушілер фотосуреттері ұсынылған. Бұл дүние әбігерінен аулақ, рухани өмір үйлесімін ұсынатын монастырдің өзіндік фотошежіресі. Сондай-ақ інжілдік құрметті зат пен таңғажайып икондар ұсынылған.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Біздің Афон» көрмесі 10-22 қараша аралығында жұмыс істейді.