2015 жылы 5 қарашада Достық Үйінде Бейнелеу өнеріндегі жас авторлардың VI облыстық «Жас толқын-2015» конкурсына қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті. Конкурс «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КММ картина галереясы мен «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ бастамасымен өткізілді.
Облыс қалалары мен аудандарынан келген 18 бен 32 жас аралығындағы 35 жас авторлар өз жұмыстарын төрт номинация бойынша ұсынды: кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер. Әділ қазылар алқасының құрамына кіретін ҚР Суретшілер одағының мүшелері Л. Игошин, С. Луговой, А. Захарченков, Т. Изюмова және мәдениет ардагері Л. Маслюк жас суретшілердің жұмыстарын бағалады. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, ал конкурс лауреаттарына - диплом мен сыйлықтар табысталды.
«Графика» номинациясы бойынша:
Садовникова Екатерина – 1-ші дәрежелі Диплом
Халдин Виталий – 2-ші дәрежелі Диплом
Богатко Михаил - 2-ші дәрежелі Диплом
«Кескіндеме» номинациясы бойынша:
Ордашева Мирамгүл - 2-ші дәрежелі Диплом
Кабановская Анастасия - 2-ші дәрежелі Диплом
Рябко Михаил - 3-ші дәрежелі Диплом
«Мүсін» номинациясы бойынша:
Шетлер Марлен - 1-ші дәрежелі Диплом
Арыстанбаев Арман - 2-ші дәрежелі Диплом
Кирносенко Кристина - 3-ші дәрежелі Диплом
«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша:
Шефер Наталья – 1-ші дәрежелі Диплом
Иванникова Виктория – 2-ші дәрежелі Диплом
Букенова Алтын – 2-ші дәрежелі Диплом
ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннің вокалды студиясының оқушылары салтанатты марапаттау кешінде ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жас суретшілерді белгілі қостанайлық суретшілер, оқытушылар, туыстары мен достары құттықтады. Марапаттау салтанатынан кейін Дмитрий Шалунов пен Александр Захарченков ағашқа өрнек салу және графиканың бір түрі - соус бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті. Жас авторлар картина жасаудағы шығармашылық жұмыстарға қатысып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.