Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 22 жыл ішінде айқын өзгерістерді бастан кешті. Ескі ақша үлгісі орнына жаңасы шығарылып жатыр, ал мұражайлардың міндеті бүгінгі келешек үшін,қазіргі естелік ретінде жүрген ақшаның белгісін сақтап қалу.
2015 жылы 13- қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, № 19 ОМ жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан тарихындағы ақша белгілері» атты мұражайлық қызықты интерактивті жобаны ұйымдастырды.
Жобаға қатысушылар адамзат тарихындағы ақшаның маңызы және ақшаның шығу тарихы туралы, жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі күрделі жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының пайда болу тарихы туралы мол мағлұмат алды.
Іс-шара екі команда арасындағы жарыс түрінде ұйымдастырылды, ол жаттығудан басталды, жаттығу барысында балалар ақша туралы мақалдарды еске түсірді. Бірінші «Ақша тарихы» кезеңінде қатысушылар қойылған сұрақтарға ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауабын тауып,жауап беруі қажет болды. Екінші «Әдеби» кезеңінде қатысушылар танымал авторлардың шығармаларындағы кейіпкерлердің ақша туралы әңгімелерінің үзіндісін тыңдап, авторды және оның кітабының атын атауы керек. Үшінші, соңғы кезең «Ақшаға сөз беріндер» деп аталады, бұл кезеңде оқушылар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның соңында жеңімпаз-команданы марапаттау өтті, ал екінші команда іс-шараға қатысқаны үшін алғыс хат алды.
Іс-шараға қатысушыларға мұражайдың қор жиынтығындағы ақшалардан дайындалған «Теңге тарихы» атты шағын көрмесімен танысу ұсынылды.