Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Тұлға және тарих» атты мұражайлық сабақ

05.11.2015
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Тұлға және тарих» атты мұражайлық сабақ

Қостанай жері - қазақ халқының көптеген атақты ұлдарының отаны. Мұнда шын мәнінде, Шоқан Уәлиханов та өзінің жұлдызды өмірлік жолын бастады. Ол - алғашқы қазақ ғалымы-шығыстанушы, философ, тарихшы, этнограф, дипломат, дарынды жазушы және аудармашы, Шығыс және Батыс Еуропа тілдерінің білгірі, саяхатшы, суретші, Х1Х ғасырдағы озық мәдениеттің жарқын өкілі.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2015 жылы 5 қарашада № 19 орта мектептің оқушылары үшін ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұлға және тарих» атты мұражайлық сабақ өткізді. Оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы көптеген жаңа деректермен танысып, «Даланың соңғы ханзадасы» атты деректі фильмнен үзінді көрді, оның ғылыми экспедициясының бағдары бойынша виртуалды саяхат жасады.