Қоңыр күз - жыл құстары жылы жақтарға ұшып кеткен уақыт, бірақ біздің жақта қыстайтын құстардың көптеген басқа түрлері де қалады. Сондықтан, жапырақтар түскеннен кейін сары шымшықтар көріне бастайды, осы кезде «Сары шымшық күні» атап өтіледі.
Облыстық мұражайдағы осы күнге арналған шараға №2 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары шақырылды. Олар біздің жақта қыстайтын сары шымшықтар мен басқа да құс түрлерімен танысып, олардың дауыстарын тыңдап, қыс кезінде көрсететін мінез-құлықтарының ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Шараның соңында оқушыларға қолда бар материалдардан істеуге болатын құстарға жем салатын қарапайым астаулардың бірнеше түрі көрсетілді.