Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың 90 жылдығына орай «Тастар әуені» атты портрет-кештің өткізілгендігі туралы

26.10.2015
Қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың 90 жылдығына орай «Тастар әуені» атты портрет-кештің өткізілгендігі туралы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Есмаханұлы Наурызбаевтың 90 жылдығына орай «Тастар әуені» атты портрет-кеш өткізілді.

Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009) - Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Тарлан» сыйлығының иегері, «Парасат» орденімен марапатталған, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры бейнелеу өнерінің алтын қорына енген туындыларды сомдады.

Хакімжан Наурызбаев 300-ден астам туынды сомдаған, оның ішінде Алматыдағы Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған жұмыстар сериясы бар.

Портрет-кеш Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі Манапбек Кадыровтың орындауындағы «Жақсылық жыры» әнімен ашылды.

Іс-шара барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы Мұқатов Нағашыбай Оразбайұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер кафедрасының оқытушысы Қасаболат Айгүл Жапарбекқызы, қостанайлық мүсіншілер, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Баталова Баян Жолдыбайқызы, Рахалиев Мұхаметқали Тоқтарбайұлы сөз сөйледі.

Жақсылықова Күлзия Асқарқызы, Наурызбаев Руслан Жамбылұлы өздерінің атақты туысы туралы естеліктер айтты.

Іс-шарада мүсінші тұлғасы сан қырынан ашылды.