СӘРСЕКЕЕВ ҚОҒАБАЙ

(1939 ж., Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылы - 2014 ж.) - жазушы, журналист, публицист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. Қостанайдың құрметті азаматы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы болды, «Жалын» баспасында бас редактор, кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды. Өмірінің соңына дейін «Қазақ» газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салды.

«Кілт», «Қараша қаздар» әңгіме-повестер жинағының, «Қызыл жалау», «Заманақыр», «1937 жыл» тарихи романдарының авторы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін222   Кеше259   Бір аптаның ішінде1361   Айында481   Барлығы309639  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі