ОРЫСБАЙҚЫЗЫ АҚСҰЛУ

(1873 ж., Қостанай облысының Жітіқара ауданы Тасқарасу ауылы-1893 ж.) - айтыс ақыны. Ақсұлу - Кеншімбай айтысы барлық қазақ айтыстары ішінде ең шоқтығы биік сөз барымтасына жататынын айтулы ғалымдар да, белгілі ақын-жазушылар да әлдеқашан мойындаған. Мәселен, С.Мұқанов «Айтыстар туралы» деген мақаласында XIX ғасырдың айтыстарын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихқа мәлім екенін айта келіп, ақын қыз-келіншектерден аты сақталғандардың ішінде Ақсұлуды атап өтіп, оның Кеншімбаймен айтысына үлкен баға береді. Айтулы айтыстарды тілге тиек қылған С. Мұқанов Біржан-Сара айтысынан кейін Ақсұлу-Кеншімбай айтысын екінші орынға қояды. Ақсұлудың құрдасы А.Байтұрсынов та ақын өнерімен жақсы таныс болған және оның шығармашылығын жоғары бағалаған.

Ақын қыз жиырма жасында өмірмен қоштасады, қайтар алдында бір жылдың ішінде Ақсұлу қаламынан бір дәптер өлең туған. Өкінішке орай, ақын қыз «Қара дәптер» деп атаған, оның көз жасымен, жүрек қанымен жазылған бұл қолжазбаның қай арада қалғандығы белгісіз. Челябі облысының Ноғайбақ ауданына қарасты Александро-Невский елді мекені жанындағы қорымда жерленген. 1993 жылы ақынның туғанына 120 жыл, қайтыс болғанына 100 жыл толуын атап өткен жерлестері оның басына құлпытас қойды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін207   Кеше259   Бір аптаның ішінде1346   Айында466   Барлығы309624  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі