(1892 ж., Қостанай уезінің Дамбар болысы, қазіргі Б.Майлин ауданының Қожай елді мекені - 1937 ж.) - қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, публицист, аудармашы, педагог.
Алашорданың Қостанай бөлімшесінің төрағасы, Қостанай уезі бойынша Алашорда комиссары болды. Қырғыз (қазақ) халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып қызмет етті.Физика, алгебра, тригономерия, геометрия сияқты қазақ тіліндегі бірқатар оқулықтардың авторы. Ташкент педагогикалық институтында, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді.1929 жылдың аяғында тұтқындалып, ату жазасына кесіледі. Кейіннен 10 жылға бостандығынан айырып, концлагерьге жібереді. 1933 жылдың шілде айында мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Қазақ мемлекеттік медицина институтында, ҚазМУ-да қызмет атқарды.1937 ж. қайта тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі.