(1935 ж., Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Жаңасу ауылы - 1986 ж.) - жазушы, филология ғылымдарының кандидаты.
1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітіріп шыққан. «Қазақ әдебиеті» газетінің арнаулы тілшісі, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған.
Көп жылдар бойы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған.
1962 жылы «Жүрек қазынасы» атты алғашқы кітабы жарық көрді. «Жаз ерке», Самал», «Алғашқы қоңырау» повестерінің және «Айналайын», «Құс жолы» әңгімелер жинақтары мен «Торғай толғауы» трилогиясының, «Таза бұлақ», «Адамға көп керек пе?» романдарының авторы. Л.Толстойдың, И.Буниннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. Ж.Молдағалиевтің шығармалары бірнеше тілдерге аударылды.А.Фадеев атындағы алтын медальмен марапатталған.