(1928 ж., Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Лаба ауылы -1998 ж.) - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының саяси ғылымдар академиясының президенті, Қазақстан жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі алғашқы саясаттану кафедрасының негізін қалаушы. 1945 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесін тәмәмдаған соң, еңбек жолын ауылындағы жеті жылдық мектепте мұғалімдік қызметтен бастайды. 1951 ж. ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. Т. Мұстафин 274-ке жуық еңбектің авторы. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың саясаттану кафедрасы Т. Мұстафиннің жетекшілігімен Қазақстандағы ең алғашқы саясаттану энциклопедиясын, «Саясаттану» және «Саясаттану негіздері» атты оқулықтар шығарды. Т.Мұстафиннің бастамасымен саясаттанушы мамандарды дайындайтын кафедра ашылды, елімізде саясаттану бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғайтын бірінші дисертациялық кеңес құрылды, Қазақстан Республикасының саяси ғылымдар Академиясы ашылды, шетелдік саясаттанушылармен халықаралық серіктестік орнатыла бастады.