Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

МӘУЛЕНОВ СЫРБАЙ

(1922 ж., Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы - 1993 ж.) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Фадеев атындағы Күміс медаль иегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы.

1942 жылдан майдан шебінде атқыштар ротасы командирінің орынбасары, кейін саяси жетекшісі болған. 1943 жылдың 17 қаңтарында Ленинград қоршауын бұзу кезінде Волхов бағытында ауыр жараланады. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталады.

С.Мәуленов ауыр жарақаттан кейін елге оралып, Қостанай облыстық радиокомитетінің редакторы болды. Кейін Алматыдағы қазақ көркем әдебиет баспасының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.  40-тан астам жыр жинақтарының авторы.

Алматы, Қызылорда, Қостанай, Арқалық қалаларында ақын атында көше бар. Қостанай облысының Жангелдин ауданының Торғай ауылында орта мектеп, Қостанай қаласында гимназия С.Мәуленов есімімен аталады.