ҚҰЛЖАНОВА НӘЗИПА СЕГІЗБАЙҚЫЗЫ (САҒЫЗБАЙҚЫЗЫ)

(1887 ж., Торғай – 1934 ж.) - қазақтың тұңғыш журналист қыздарының бірі, ағартушы-педагог, этнограф, аудармашы, мәдениет қайраткері, Орыс географиялық қоғамының мүшесі.

Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген. 1903-1904 ж. Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті. 1913 ж. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған тұңғыш әрі жалғыз қазақ әйелі еді.  «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел мәселелерін қоғамдық деңгейде арнайы көтеріп, мақалалар жазды. 1917 ж. 1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды. Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие»оқулығы мен «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабы жарық көрді. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын орыс жазушыларының шығармаларымен таныстырды. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін215   Кеше234   Бір аптаның ішінде1588   Айында708   Барлығы309866  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі