(1939 ж., Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы Сарықопа ауылы – 2011 ж.) - жазушы-сатирик, ғалым-этнограф.
Оның этнографиялық туындылары қазақ халқының рухани дүниесіне қосылған баға жетпес байлық саналады.
«Жеті қазына» атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың дархан дастарқаны» атты танымдық кітаптары - салт-дәстүріміздің деректі құжаттарына айналған құнды дүниелер. Осы көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзірбайжан, тағы басқа тілдерде басылып шықты. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да басылып шықты және әлемнің 30-дан астам мемлекетіне тарады. Торғай және Арқалық қалаларының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері.