(1913 ж., Қостанай облысы Обаған-қазіргі Алтынсарин ауданы Алпыс үй құтық ауылы – 1988 ж.) - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, қоғам қайраткері. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан ЛКЖО ОК-де бірінші хатшы, Алматы облысы партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында проректор, Қазақ КСР мәдениет министрі, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ə.Қанапин Қазақстанда ғалым-тарихшыларды дайындауға, тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Оның қаламынан 200-дей ғылыми еңбек туды, оның алтауы монографиялық еңбектер. Қазақ мəдениеті, ағарту, білім жəне ғылым саласының дамуына үлкен үлес қосқан мемлекет жəне қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз.