Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚАЙЫРБЕКОВ ҒАФУ

(1928 ж. қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай - 1994 ж.) - ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қырықтан астам кітаптары жарық көрген. Оның «Ана туралы әнін» бүкіл қазақ халқы адамның туған анасына деген адалдығы мен махаббатының әнұраны ретінде қабылдады. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Дала қоңырауы» поэмасы қазақ поэзиясының жауһары. 1980 жылы «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Ақын аударма ісімен де айналысқан. А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Н.Некрасов, В.Короленко, И.Бунин, И.Франко, В.Брюсов, С.Есенин, Ә.Рудаки, А.Мицкевич, Ш.Петефи, Р.Гамзатов т.б шығармаларын аударған.

Қостанай қаласындағы көшеге, мектепке Ғ.Қайырбековтың есімі берілген. Қостанай, Арқалық қалаларының Құрметті азаматы болған.