(1896 ж., Қостанай уезінің Дамбар болысы (қазіргі Қостанай облысы Б.Майлин ауданы - 1938 ж.) - ғалым, дәрігер, педагог. Алаш қозғалысының қайраткері.
Қостанайдағы орыс-қазақ училищесін және реалдық училищені, Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. 1917 жылдың көктем-жазында бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қара жұмысқа алынған қазақтар арасында Минск түбіндегі Бұратаналар бөлімінде қызмет істейді. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Жалпы қазақ съезінде Бүкілресей мұсылмандарының кеңесіне Торғай қазақтары атынан Әлжан Байғурин сайланады. 1935-1937 жылдары Алматы медицина институты клиникасының дәрігері, кафедра доценті, меңгерушісі қызметін атқарған. Медицина саласында алғашқылардың бірі болып кандидаттық диссертация қорғаған. 25-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы. 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болды. 1956 жылы 6 қарашада есімі қайта ақталды.