(1930 ж., Қостанай облысы Қамысты ауданы Кубеновка ауылы – 2013 ж.) - философия ғылымдарының докторы (1984), профессор (2001), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылыми академиясының корреспондент мүшесі (1997), Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылыми академиясының академигі (1997). Ленинград (1953, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін және КСРО Ғылым Академиясының Философия институты аспирантурасын (1960) бітірген. Қостанай педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы (1953-1957), Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер (1960-1962), Алматы жоғары партия мектебінде аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1962–1992), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1992-1998) мен ҚазҰУ-да (1998 жылдан) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан осы университеттің профессоры. Баспасөздегі бірқатар басылымдардың, «Социологиялық зерттеудегі статистика» (1965), «Саясаттану» (1997) кітаптарының авторы.