Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

БІРІМЖАНОВ АХМЕТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ

(1871ж., бұрынғы Торғай оязы, Тосын болысы, 10-ауыл, қазіргі Жангелдин ауданы - 1927 ж.) - қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпағы. Уақытша үкіметтің Қостанай уезіндегі комиссары, Алашорда Ұлттық Кеңесінің мүшесі, І-ІІ мемлекеттік Думаның депутаты, заңгер-құқықтанушы. Орынбор гимназиясын, Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1899 жылдан бастап елдің қоғамдық жұмысына белсене араласып, Орынбор және Троицк округтік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық ояздық заң орындарында жауапты қызметтер атқарды. Әділ де іскер, білімді азамат ресми қызметін атқара жүріп, халық арасында үлкен беделге ие болды. Біліктілігімен, ұстамдылығымен көпшілік бұқараның сөзін сөйлейтін тұлға болып қалыптаса бастады. Сондықтан да Торғай жұртшылығы Бірімжановты 1906 және 1907 жылы Ресейдің I және II Мемлекеттік думаларына депутат етіп сайлады. Думада ол мұсылман фракциясы төрағасының орынбасары болды. Шен-шекпенге қызықпай, қашан да туралығынан таймаған Бірімжанов империяның ұлттық аймақтарындағы аз халықтар мен қазақтардың мүддесін белсенді түрде қорғап отырды. 1-думаға «Жер комиссиясының қырғыз (қазақ) аймақтарындағы заңсыз әрекеттері» және т.б. зорлық-зомбылықтар туралы мәселе қойып, 2-думада мұсылман фракциясының жер бағдарламасын жасаушылардың бірі болды.