Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

БАЙҚАДАМОВ БАҚЫТЖАН

(1917 ж., Торғай облысы - 1977 ж., Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы мемлекеттік университетін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі. 1952 - 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды.  1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. “Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады.