(1903 ж., Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы - 1964 ж., Торғай ауылы) - қазақ композиторы, әнші, домбырашы, Қазақ КСР-ның халық ақыны.
1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облыстық айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың соңында Майташ Смағұловамен, 1957 ж. Сәт Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары «Қостанай ақындарының айтысы» (1958), «Айтыс» (1966) жинақтарында жарияланды.
Н. Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған. «Мың бір түн» ертегісінің оқиғасына байланыстырып «Қамарлы заман», «Албан Жұпар ханым», өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне «Есім сері», «Қарға» дастандарын жазды. «Күләндам» дастанында 1932-1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді. Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері – Амангелді батыр бейнесі. «Үрпек соғысы» (1944) өлеңі кейін «Амангелді» дастанына ұласты. Ахметбековтың өзі шығарған «Күй басы», «Маусым толқыны», «Жеңіс» сынды күйлері де бар.