Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

КӨБЕЕВ СПАНДИЯР

(1878 ж., Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылы (бұрынғы Алакөл) - 1956 ж.) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.

Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқып, кейін екi жылдық педагогикалық курсты бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады. «Үлгiлi тәржiма» және «Үлгiлi бала» кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, ынтымаққа шақырған. С.Көбеев халықтық білім жүйесінің негізін қалауға белсене қатысып, әдістемелік сипаттағы көптеген мақалалар жазды және оның бастамасы бойынша Түбек, Қарқын, Боровской, Шолақсай, Ұялысай мектептері ашылды. 1931 жылы жеті жылдық Ақсуат мектебі құрылды, 1944 жылы мектеп директоры С.Көбеевтің өтініші бойынша орта мектеп болып қайта құрылды. Осы мектептегі іс-тәжірибесі 1951 жылы басылған «Орындалған арман» мемуарлық кітабында сипатталған.

С. Көбеевтiң қазақ топырағындағы алғашқы романдардың бiрi болған «Қалың мал» романы 1913 жылы басылып шығады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi бейнеленген. Ленин орденiмен екі рет марапатталған. С. Көбеевтің есімімен Қостанай қаласындағы көше аталған.