БАДЫРОВ ҚАПАН ОРАЛҰЛЫ

(1904 ж., Қостанай облысы Қарабалық ауданы Шұбартеңіз ауылы - 2000 ж.) - Қазақ КСР-нің халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақтың кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, М.О. Әуезов атындағы Академиялық драма театры құрылғаннан бері сол театрдың актеры.

Ол 200-ге жуық рөлдерде ойнады және 20 кейіпкердің бейнесін сомдады. Баспасөз бетінде оның актерлер мен драматургтердің шығармашылығын талдаған 120-дан астам мақаласы басылды.  1922 жылы Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтына оқуға түсті. Институт қабырғасында білім ала жүріп, өнерпаздар үйірмесіне қатысты. 1925 жылы алғашқы Қазақтың Мемлекеттік ұлттық театры ұйымдастырылғанда үйірмеге қатысушы басқа да өнерпаздармен бірге труппа қатарына кірді. Қ.Бадыров тума талант актерлардың қатарына жатады. М. Әуезов Бадыровтың театрдағы өнеріне сүйсініп, үнемі назар аударып, ақыл-кеңес беріп отырған. «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» атты мақаласында мұндай «пьесалардың ірі бейнелерін жақсы ғып ойнап шығу арқылы біздің бүгінгі бірнеше ірі актеріміз үлкен сыннан өткендей боп, тәжірибе көріп, ірі табыс тапқаны бар» деп, солардың қатарында Бадыровты атаған. Қ.Бадыровтың еңбегі жоғары бағаланды. Ол екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен және медальдармен марапатталды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін224   Кеше259   Бір аптаның ішінде1363   Айында483   Барлығы309641  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі