Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше171   Бір аптаның ішінде724   Айында5350   Барлығы295473  
Жаңалықтар
20.05.2022

Анонс

Уважаемые услугополучатели, Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг в 2022 году проводится онлайн анкетирование на площадке «Открытый диалог». Просим принять активное участие в анкетировании. http://m.egov.kz/survey/
2022 жылдың 19 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева «Южный»  кітапхана филиалында өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Заман және тағдыр» еске алу сабағына қатысты.     Сабақ барысында №20 М.Хәкімжанова атындағы жалпы білім беретін мектептің…
«Ауыспалы көрме» жоба шеңберінде Халықаралық музейлер күні Қостанай облыстық тарихи – өлкетану музейінде ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың  150-жылдығына орай «Алаш арыстары Қостанай елінде» атты Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі  қорынан тақырыптық көрменің…
18 мамыр - Халықаралық музей күні. Музейге күнделікті уақыттан тыс және үйреншікті емес жағдайда келуге мүмкіндік беретін «Музей түні» мәдени-білім беру акциясы әлемнің 150 елінде өткізіледі. Биыл «Музей түні - 2022» Балалар жылы аясында өткізілді, сондықтан балалардың бағдарламалары, бастамалары мен…
2022 жылдың 18 мамырында Халықаралық музей күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихы туралы әңгімелеп, музей тарихынан сыр шертер фотосуреттермен таныстырды.
2022 жылдың 13 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай «Көрнекті ақын және патриот» атты іс-шараға қатысты. Кеш «Южный»  кітапхана филиалында өтті. Оташева…
2022 жылдың 11 мамырында  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының  «Көненің көзі» айдарында  осы жылы туғанына 100 жыл толып отырған  екі мәрте Кеңес Одағының Батыры  И.Павловтың және Кеңес Одағының Батырлары С. Темірбаев пен Л.Макеровтің ерлікке толы…
Жылдар өтсе де, уақыт үстемдік етпейтін, маңыздылығы  айқындала түсетін оқиға -  Ұлы Отан соғысы. 2022 жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің қор жиынтығынан алынған «Соғыс жылдарының естелігі» атты көрме ашылды. Ол бейбітшілікті сақтау үшін ерлік пен табандылық көрсеткен…
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл күн қазақстандықтардың ерлік жылнамасын, Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Халық ұланының ерлігі – бүкіл елдің абыройы мен қадір-қасиеті. Бұл қуатты мемлекеттің мәртебесі мен тұрақтылығы. Жарқын болашақтың кепілі. Бүгін мереке қарсаңында…
2022 жылдың 4 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс жолымен» атты квест-экскурсия өткізді. Шара Жеңіс саябағында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында біліктіліктерін арттырып жатқан мұғалімдер…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі