2025 жылғы 26 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айсұлу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Малшыбаева Көпей Әбдірахманқызы туралы әңгімеледі. К.Малшыбаева 28 қараша күні 85 жасқа толады. Көрермен назарына Көпей Әбдірахманқызының музей қорына тапсырған фото материалдары ұсынылды.