Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

VIІ Республикалық бейнелеу өнеріндегі жас авторлардың «Жас толқын - 2025» байқау-көрмесінің қорытындысы

10.11.2025
VIІ Республикалық бейнелеу өнеріндегі жас авторлардың «Жас толқын - 2025» байқау-көрмесінің қорытындысы
2025 жылдың 10 қарашасында VII Республикалық «Жас толқын – 2025» бейнелеу өнеріндегі жас авторлардың байқау-көрмесінің қорытындысы жарияланды.
Байқау қорытындысы бойынша көрме ұйымдастырылып, «Жас толқын - 2025» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Биыл «Жас толқын - 2025» байқауына «Кескіндеме» және «Графика» бойынша 60-тан астам өтінім қабылданды.
Байқауға Қостанай облысынан және Қазақстанның басқа да аймақтарынан келген жас авторлар қатысты. Олардың қатарында Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарынан келген жас авторлар бар.
Әр номинация бойынша ақшалай сертификаттармен үш жүлделі орын анықталды.
Қазылар алқасы бас жүлде жеңімпазын да анықтады.

Бас жүлде - Лесалы Айдана, М. Әуезовтың «Асуда атылған оқ» шығармасына арналған иллюстрациялар топтамасы, Алматы қаласы

«Кескіндеме» номинациясы
1 орын- Аят Өркен, «Абай бейнесі», Алматы қаласы
2 орын- Мерғалиева Айдана, «Мәңгілік естелік», Павлодар қаласы
3 орын- Серікбай Хадиша, «Ұлы дала қоңырауы», Алматы қаласы

«Графика» номинациясы
1 орын- Мағзұмов Дамир, «Қой қырқу», Көкшетау қаласы
2 орын- Сағымбаева Дарина, «Басып алу іздері», «Бейбітшілік арманы», Қостанай қаласы
3 орын- Тверякова Вероника, «Тұтқындағы балалар», Қостанай қаласы