Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының даңқты ұлы» - Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына арналған дөңгелек үстел

30.10.2025
«Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының даңқты ұлы» -  Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына арналған дөңгелек үстел
2025 жылғы 30 қазан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Профессор, философия ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы; ақын, драматург, журналист-публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы; А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ералина Ақмарал Ерікқызы; гуманитарлық ғылымдар магистрі, М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дың «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ардабаева Фарида Жеңісханқызы, сондай-ақ А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері Тайкешева Дильназ, Құсман Әйгерім, Абат Жәнібек баяндама жасады.

Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі, саяхаттары мен еңбектері, ұлы ғалымның есімін мәңгі есте қалдыру туралы айтылды.