Бүгін музей қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақ медицинасының негізін қалаушы дәрігерлердің бірі Мұхамеджан Қарабаев пен Әбубәкір Алдияров жайлы әңгімеледі.
Бағдарламада музей қорынан алынған суреттер көрсетіліп, олардың өмірі мен қызметі жайлы түсінік берілді. «Алау» телеарнасының көрермендері суреттер, құжаттар арқылы олардың дәрігерлік еңбек жолы мен қазақ даласында денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесімен таныса алды.







