Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қыстайтын құстарға көмектесейік» - Шымшықтар күніне арналған экологиялық акция

12.11.2025
«Қыстайтын құстарға көмектесейік» - Шымшықтар күніне арналған экологиялық акция
12 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері № 6 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін Шымшықтар күніне арналған «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты экологиялық акция өткізді. Іс-шара барысында музей қызметкері балаларға біздің жерімізде қыстайтын құстардың түрлерін көрсетіп, дауыстарын тыңдатты. Сондай-ақ, олардың биологиясы мен құсқа жем салатын қарапайым астауды қалай жасау керектігін және қандай тағамдарды қолдануға болатынын айтты.