Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін208   Кеше234   Бір аптаның ішінде1581   Айында701   Барлығы309859  
Жаңалықтар
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты экологиялық акция өтті. Ол халық арасында «Зиновий – синичник» аталған қыстайтын құстарды қарсы алу күніне (12 қараша) орай ұйымдастырылды. Бұл күні полярлық жапалақ және ақ шымшық - «қысқы қонақтарды» қарсы алуға дайындалып, біздің…
2016 жылдың 20 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстың мемлекеттік музейлерінің қызметкерлеріне арналған «Қазіргі жағдайдағы музейлердің экспозициялық-көрмелік қызметі» тақырыбындағы әдістемелік семинар-практикумы өтті. Семинарда берілген тақырып бойынша музейлерден 8 хабарлама тыңдалып, презентациялар көрсетілді. Музей жұмысының ең өзекті тақырыбында маңызды әңгіме қозғалды.…
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күнін мерекелеумен тығыз байланысты. Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні. Дәл осы жайлы 2016 жылы 18 қазанда…
2016 жылдың 13 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 175-жылдығына арналған «Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрме ашылды. Ыбырай Алтынсарин - ХІХ ғ. көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы, қоғам қайраткері, Қостанайдағы тұңғыш орыс-қазақ…
2016 жылдың 14 қазаныңда ҚР Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеге суретші акрил техникасында орындаған 30 шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Андрей Арискин Қырымдағы Н.С. Самокиша атындағы көркемсурет училищесінде оқыған, қазіргі таңда Рудный қаласында тұрады…
2016 жылдың 06 қазаныңда картина галереясында жас суретші Екатерина Садовникованың «Өмірді аңсау» атты алғашқы дербес көрмесі ашылды. Көрмеде автордың қоршаған ортаның сан қыры мен әсемдігін көрсететін 32 жұмысы ұсынылды. Жас суретші өмірге, оның барлық көріністеріне деген сүйіспеншілігін көрермендерімен шаттана бөліседі.…
2016 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өмірдегі ойын» атты Арт-жобаның ашылуы болды. Оның барысында қостанайлық суретшілер Г.Соков, В. Быков, С.Луговой, O.Кусков және жас авторлар E.Кислицин, А.Рерих, А.Кабановская, Рудный қаласынан суретші С.Ищанов өзінің кескіндеме және графикалық туындыларын, сондай-ақ сәндік-қолданбалы…
2016 жылдың 28 қыркүйегінде облыстық тарихи - өлкетану музейінде Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман шаруашылығының қала маңындағы мекемесі» КММ-нің тұрақты орман тәлімбағының орманшысы А.С.Маркетанмен кездесу өтті. Кездесуге № 2 мектеп-лицей оқушылары қатысты, олар орманшының…
2016 жылдың 27 қыркүйегінде картина галереясында салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әйелдің қалыптасуы» атты облыстық фотоконкурстың қорытындысы шығарылды. Фотоконкурс Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бастамасымен…
2016 жылы 28 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі түрлі салада кәсіби биікке қол жеткізген жандармен «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» атты кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты: еңбекте жоғары жетістіктерге қол жеткізген адамдардың өмір жолын үлгі ете отырып жеткіншек ұрпақтың еңбекке деген…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі