Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Өлкенің ежелгі тарихы» экспозициялық залында бір жәдігер тарихынан көрмесі ұсынылып, тас ғасырының бірегей табылымы - алып бұғының мүйізінен жасалған бұйым қойылды. Құралды Үй өзенінің жағасынан Федоров ауданының Белояровка селосы маңынан орманшы В. Литвинов деген кісі кездесоқ тауып алған. Ұзына бойына екіге бөлінген мүйіздің жартысынан құрал қанжар тәріздес кесіп алынған. Осыған ұқсас құрал Екатеринбург маңында шымтезек батпақтарынан табылған әйгілі Шигир коллекциясының құрамына енген. Алып бұғы немесе Үлкен мүйізді бұғы Megaloceros giganteus қазбалардың ішіндегі ең әсерлісі. Жануардың мүйізінің құлашы төрт метрге дейін жететін болған.