Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, мәдениет саласының үздігі Қ. Алдабергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

14.09.2020
Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, мәдениет саласының үздігі Қ. Алдабергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

2020 жылдың 9 қыркүйегінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі, журналист, ақын, мәдениет саласының үздігі Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтің өмірі мен майдан жолы, шығармашылық қызметі туралы әңгімеледі.

Қасымхан Алдабергенұлы 1925 жылдың 11 қыркүйегінде Қамысты ауданының Талдыкөл ауылында дүниеге келген. Кейін отбасы Жітіқара ауданындағы «Милютин» кеңшарының Шілікті ауылына қоныс аударады. Өнерге құштар бала 7-8 жасар шамасынан әншілік, жыраулық өнерімен ел ішіне таныла бастайды. Сол жерде жеті жылдық мектепті бітіреді.  

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, небары 16 жаста болған. Елде үлкендердің орнына еңбек етіп, 1943 жылы Жітіқара әскери комиссариаты арқылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылады. Алғашында Владимир облысының маңында 14-гвардиялық әуе-десанты бригадасының құрамында әскери жаттығудан өтеді. Майданның алдыңғы шебінде болып, Венгрия, Австрия, Чехословакия елдерін неміс-фашистерінен азат етуге қатысты. 1971 жылдан облыстық «Коммунизм жолы» қазіргі «Қостанай таңы» газетінің ұзақ жылдар меншікті тілшісі болды.

Қасымхан Алдабергенов айтыскер ақын ретінде елге мәлім. 1959-1985 жылдар аралығында аудандық, облыстық, республикалық  ақындар айтысына бірнеше рет қатысып, талай бас жүлделерді жеңіп алды.

Әңгіме барысында Қ.Алдабергеновтің құжаттары мен фотосуреттерін көрсетті.

https://vk.com/wall397862586_1095https://www.facebook.com/100014426732442/posts/896450340845849?sfns=mo

https://vk.com/wall397862586_1095

https://www.instagram.com/tv/CE6NzaWFROy/?igshid=t7f5ndlrue