«Алау» телеарнасының «Ұлы дала тұлғасы» бағдарламасында музей қызметкері Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш – Леонид Игнатьевич Беданың ерлік жолы туралы мағлұмат берді.
Леонид Беда 1920 жылы қазіргі Ұзынкөл ауданының Ново-Покровка ауылында туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Леонид Игнатьевич қатардағы ұшқыштан шабуылдаушы авиация полкі командирінің әуе-атқыштар қызметі жөніндегі көмекшісіне дейін көтерілді, соғыс барысында 214 рет жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтерілген. Леонид Беданың майдан жолы Сталинград түбінен басталып Кенигсбер түбінде аяқталды. Ержүрек ұшқышқа Кеңес Одағының Батыры атағы екі рет берілді, сондай-ақ бірнеше орден, медальдармен марапатталды.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/900038403820376/
https://www.instagram.com/tv/CFGkNP0ASv8/?utm_source=ig_web_copy_link
https://vk.com/id397862586?z=video397862586_456239218%2F2d7782695a0c2ed1eb%2Fpl_wall_397862586