2020 жылдың 16 қыркүйегінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Балкенұлы Бұқановтың өмірі мен еңбек жолында жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.
Сайран Балкенұлы Бұқанов Қостанай облысы қазіргі Ұзынкөл ауданына қарасты К. Маркс ауылында 1950 жылы 19 тамызда дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылығы институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша 1973 жылы аяқтаған. 30 жылдан астам «Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды. С.Б. Бұқанов - Қостанай облысының және Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы. «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызымен, «Отан» және «Құрмет» ордендерімен, «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының алтын медалімен, облыс, аудан әкімдерінің көптеген алғыс хаттарымен марапатталған. Бірнеше рет Қостанай облыстық мәслихатының, аудандық кеңсінің депутаты болып сайланды.
Әңгіме барысында С.Б.Бұқановтың музей қорындағы фотосуреттері мен құжаттары таныстырылды.