Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін17   Кеше352   Бір аптаның ішінде897   Айында17   Барлығы309175  
Жаңалықтар
2023 жылдың 10 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан «Ұлы дала әміршілері» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. ан.
2023 жылдың 10 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан «Ұлы дала әміршілері» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан аумағынан ең алғаш Есік обасынан табылды, еліміздің басты мәдени құндылығына айналған, бірегей байлығымыз «Алтын адам» ескерткіші. «Алтын киімді…
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай облысының танымал тұлғалары туралы «Тобыл-Торғай өңірінің белгілі нәзік жанды тұлғалары» атты бейнеролик дайындады.
Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры бірегей құжатпен – қаламыздың алғашқы жоспарларының бірінің көшірмесімен толықтырылды. 1896 жылы жазылған бұл картаны филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Әбсадық Алмасбек Ахметұлы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінен тапқан.…
Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстандағы 2023 жылғы жыл құсы» көрмесі ашылды. 2023 жылдың басында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы жыл құсы сайлауын өткізді. Құстардың екі түрі — жорғаторғай және көкқұстан дауыс берушілердің 64%-ы көкқұсты таңдады. Көкқұс (Myophonus caeruleus)- Сайрақтар тұқымдасына…
2023 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнерін экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінде суретші-қолөнерші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Леонид Игошинді еске алуға арналған «Шеберді еске алу» көрмесі ашылды. Леонид Александрович Игошин -…
2023 жылдың 22 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрнекті ғалым, педагог, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев туралы музей қорынан фотоматериалар, құжаттарымен таныстырды. Көрермендерге жерлесіміз, экономист, Қазақстанның…
Бүгін Қостанай облысының әкімдігі Мәдениет басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облысының мәдени мұрасының аймақтық туризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында мемлекеттік музейлер басшыларының секциясы өтті. Секцияда облыстық музей басшысы Б.Е. Жұмабаев модератор болды. Шараға Мәдениет басқармасының тарихи-мәдени…
2023 жылғы 16 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында «Өмір белестері» көрмесінің авторы, Қостанай облысының Құрметті азаматы, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен онлайн және офлайн форматта…
2022 жылдың 15 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әлем суретші көзімен» атты музейдің қор жиынтығынан суретші Салихитдин Айтбаевтың 85 жылдығына арналған көрме ашылды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «алпысыншы жылғылардың» ұлттық өнердегі ұрпағының көшбасшысы, кескіндемеші және график Салихитдин Айтбаев 1938…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі