Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін52   Кеше75   Бір аптаның ішінде52   Айында1896   Барлығы234630  
Жаңалықтар
А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының кезекті көрмесінде мектепте оқытылатын бейнелеу техникаларының алуан түрлілігін көрсететін 100-ге жуық жұмыс ұсынылған. Бұл уақытты қажет ететін, бірақ өзіндік ерекшелігі бар киіз басу, мәрмәр, тас және ермексаздан жасалған мүсіндік жұмыстар, май мен акрилден…
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері "Вадим Быковтың Арт-студиясы" оқушыларының "Буырқанған бояулар-10" атты көрмесі жайында баяндап берді. «Буырқанған бояулар-10» атты көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде орналасқан. https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1094976474326567 https://vk.com/video397862586_456239423 https://www.instagram.com/tv/CQvcdVBFsea/?utm_source=ig_web_copy_link
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау шеңберінде 2021 жылдың 25 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде "Вадим Быковтың Арт-студиясы" оқушыларының "Буырқанған бояулар-10" атты көрмесі ашылды. Көрмеде 100-ден астам кескіндеме, графика, акварель, мүсін жұмыстары ұсынылған, онда студия оқушылары қиялын және…
2021 жылы 25 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Өзіңді ертеңгі күннен айырма» атты әңгімелесу сағаты өтті. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері осы сауалдарға жауап беретін Ы.Алтынсарин атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасы ұсынған шағын әдеби…
Туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында музей қызметкері «Алау» телеарнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музейден тыс жұмыс істейтін жылжымалы фотоқұжатты көрмелердің ақпараттық мазмұны туралы айтып берді.
Ерекше қорғалатын табиғат объектілері бойынша экологиялық саяхат шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қызметкерлері облыстық маңызы бар Мемлекеттік ботаникалық табиғат ескерткіші - «Тасты көл шатқалына» барды. Нысан ғылыми және экологиялық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырады. Экологиялық саяхатқа қатысушылар өлкенің табиғаты мен…
2021 жылдың 16 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қоғам қайраткері, заңгер-құқықтанушы Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов туралы музей қорындағы құжаттар және фотоматериалдармен таныстырды. Ахмет Бірімжанов 1871 жылы Торғай уезі Тосын болысының №1 ауылында…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ЧелМУ-ң Қостанай филиалымен бірлесіп «Экологиялық соқпақ» іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде студенттер Тобыл қаласының, жылқы зауытының тарихымен танысып, Тасты көлдің мөлдір бұлақтары, флористикалық жәдігерлер, дәрілік қасиеті бар және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер туралы білді. Табиғатты қорғау тақырыбы…
Бүгін, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Мәдениет басқармасы жанындағы «Мәдени аулаға» келушілерге Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» атты фотоқұжатты жылжымалы көрме дайындады. Көрме бойынша екі тілде экскурсия жүргізілді. Жасөспірім келушілер ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, ұлы педагог және ағартушының балаларға…
Бүгін музей қызметкері «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында біздің жерлесіміз Кеңес одағының батыры Е.Есжановтың өмірі мен ерлігі туралы қызықты деректер айтты. https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1081784432312438 https://vk.com/video397862586_456239408https://www.instagram.com/tv/CP5MV-ogD8L/?utm_source=ig_web_copy_link
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі