Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін164   Кеше124   Бір аптаның ішінде559   Айында1828   Барлығы230726  
Жаңалықтар
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 2021 жылдың 23 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде онлайн форматта танымал қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Александр Захарченковтың "Түрленген бояулар" атты дербес мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Александр Захарченков –…
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері өзінің орындауын атақты қолөнер-суретші, зергер, металды көркем өңдеудің танымал шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Игошин Леонид Александровичты еске алуына арнады.
Кейінгі уақытта жібек лентамен кестелеу қайтадан танымал болды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені оның көптеген артықшылықтары бар. Сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрін нағыз көркемдік жұмыс деп айтуға болады, өйткені ол қиялдың толық еркіндігін білдіреді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік сағатында болашақ…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Әуе толқынында - Қазақ радиосы» атты жылжымалы фото көрме дайындалды. Қазақ радиосының дамуына Қостанай облысында туып-өскен журналистер мен дикторлар көп үлес қосты. Көрмеге музей қорынан фотосуреттер пайдаланылды.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – халық мұрасы» атты мәдени-білім беру жобасын ұйымдастырды. Мәдениет басқармасының «Мәдени ауладасында» өткен мерекелік бағдарламада қала тұрғындарының назарына музей қорынан «Домбра дастан» көрмесі ұйымдастырылып, «Жанданған сурет»…
Әрбір халықтың өзінің болмыс-бітімін айқындайтын әрі тарихы тереңнен бастау алатын ұлттық киімдері бар. Киімнің пішіміне, декорына тек қоршаған ортасы мен тұрмыс салтына ғана емес, сонымен қатар халықтың этникалық және ұлттық ерекшелігін бейнелейтін мәдениет үлгісі, рухани қасиеттері және сенімдері де әсер…
2021 жылдың 28 маусымынан 3 шілде аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Науырзым ауданына дәстүрлі мәдениет пен этнографияның сақталу деңгейін, ландшафт, флора және фаунаның жай-күйін бақылау мақсатында экспедицияға шықты. Экспедиция барысында…
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астана күні қарсаңында Меңдіқара ауданындағы Архипов орта мектебінің оқушыларына «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен армандар қаласы» атты саяхат-ойын онлайн режимде өткізілді. Іс-шара интеллектуалды ойын түрінде өтіп, қатысушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, ой-өрістерін кеңейтіп, елордамыздың тарихына қатысты сұрақтарға…
«Буырқанған бояулар-10» көрмесінде 100-ден астам кескіндеме, графика, акварель, мүсін жұмыстары ұсынылған, онда студия оқушылары қиялын және суретші Вадим Быков үйреткен барлық қабілеттерін көрсетті. Экспозициялық жұмыстардың қатарында «Ақ ерке» бастауыш мектебінің оқушылары жасаған картиналар да бар, онда Вадим Вячеславович студиялық сабақтар…
А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының кезекті көрмесінде мектепте оқытылатын бейнелеу техникаларының алуан түрлілігін көрсететін 100-ге жуық жұмыс ұсынылған. Бұл уақытты қажет ететін, бірақ өзіндік ерекшелігі бар киіз басу, мәрмәр, тас және ермексаздан жасалған мүсіндік жұмыстар, май мен акрилден…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі