Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелерімен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты өзгерістермен, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жаңартылған конституциялық кепілдіктермен таныстырылды.
Кездесу барысында Конституция нормаларын сақтау мәселелеріне, Конституцияның мемлекеттің Негізгі Заңы ретіндегі рөліне, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.