2026 жылдың 1 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра жайлы әңгімеледі. Музей қорында оңнан астам домбыра сақталған. Оның жетеуі белгілі тұлғаларға тиесілі. «Алау» телеарнасының көрермендеріне айтыскер ақын, Қазақстанның халық ақыны, Әсия Беркенованың және ақын Серікбай Оспановтың қолдан жасаған шағын кәдесый домбырасы көрсетілді.