Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Журналист. Жазушы. Тұлға»

25.06.2026
«Журналист. Жазушы. Тұлға»
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде журналист, жазушы Меңдібаев Сәлім Тоқмырзаұлының 80 жылдығына орай «Журналист. Жазушы. Тұлға» атты уақытша шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеде фотоқұжаттық материалдар, марапаттар, кітаптар және жеке заттары ұсынылды. Меңдібаев Сәлім Тоқмырзаұлы (1946-2021) - журналист, жазушы, Қостанай қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қостанай облысы әкімі сыйлығының және Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты. Ол 1946 жылғы 5 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. Сәлім Тоқмырзаұлы еңбек жолының 45 жылдан астам уақытын облыстық «Қостанай таңы» газетіне арнады. 1999-2016 жылдары басылымның бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Ол көркем-публицистикалық кітаптардың, деректі әңгімелердің, очерктер мен эсселердің авторы. Жазушы шығармашылығында жерлестерінің тағдыры мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы материалдар ерекше орын алды.

Галерея изображений