Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін58   Кеше61   Бір аптаның ішінде337   Айында192   Барлығы238067  
Жаңалықтар
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері «Шағыннан бастау алады...» атты Вадим Быковтың дербес көрмесі жайында баяндап берді. https://www.facebook.com/muzeikst/posts/1162735010884046 https://www.instagram.com/tv/CU9pDdilNtY/?utm_source=ig_web_copy_link https://vk.com/video397862586_456239482
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында музей қызметкерлері «Федоров аудандық білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің» оқушылары үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Мектеп оқушылары қостанайлықтар мақтана алатын көрнекті тарихи тұлғаларға, өткен мен қазіргі…
2021 жылы 7 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, қостанайлық суретші-график, кескіндемеші Вадим Быковтың «Шағыннан бастау алады...» атты дербес көрмеcінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда автордың 60 туындысы ұсынылған. Бұл портреттік нобайлар, табиғаттан…
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Көкшетау - Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» музейаралық инновациялық жобасы аясында Көкшетау қаласы мен облыс тұрғындарының назарына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жәдігерлерден «Құт қонған Қостанай» көрмесі ұсынылды. Көрермендер «Құт қонған Қостанай» көрмесі экспозициясында…
2021 жылдың 28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру - елімізді болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Н.Е.Әбдібеков,…
2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанай шеберлері жұмыстарының «Қолөнер сиқыры» атты көрме ашылды. Көрме ерекше мәні бар - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының мерейтойлық жылында өтуде. Көрмеде қостанайлық шеберлердің тығыз, жарма кестелермен…
Қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні деп аталып өтіледі, жас қазақстандықтардың жасампаз еңбек құндылығын сезіну және кәсіпқойлықты құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту мақсатында 2013 жылдың қараша айында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Мереке қарсаңында 2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Еңбегімен еленген…
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері «Қостанайлық суретшілердің пленэрлері» және «Қолөнер құпиясы» Қостанай шеберлері жұмыстарының көрмесі жайында баяндап берді. https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1148758935614987 https://vk.com/video397862586_456239462 https://www.instagram.com/tv/CUHmUNyFszM/?utm_source=ig_web_copy_link
2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай өңіріндегі «Большевичка» фабрикасына 80 жыл» атты көрме ашылды. Көрмеге музей қорынан фабриканың 1975 жылдан қазіргі уақытқа дейін шығарған тігін бұйымдарының үлгілері, фабриканың комсомол ұйымының ауыспалы туы, кәсіпорын тарихы туралы фотосуреттер мен…
17 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бірегей археология» топтамасынан бір заттың кезекті көрмесі ашылды. Келушілер назарына Қостанай ауданындағы ортағасырлық Надеждинка 3 жерлеу орнынан табылған дөңгелек құйма айна ұсынылды. Айна тұрмыста маңызды рөл атқарды. Бұл атрибутты жылтыр жағы қайтыс болған кісіге…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі