2025 жылғы 4 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени-білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, еліміздегі антропологиялық мектептің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Оразақ Смағұловтың өмір жолы мен ғылыми еңбектері туралы кеңінен баяндады.
Бағдарлама барысында ғалымның қазақ халқының тарихи-биологиялық келбетін анықтаудағы еңбегі, оның ғылыми экспедициялары мен антропологиялық зерттеулерінің маңызы жайлы айтылып, тың деректер мен қызықты фактілер ортаға салынды. Сонымен қатар, «Алау» телеарнасының көрермендеріне Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған Оразақ Смағұловқа қатысты бірегей фотоқұжаттар мен материалдар ұсынылды.